Шымкенттегі танымал фитнес-клубта 5 жасар бала суға батып кетті

37

Жедел медициналық қызметтен 29 қаңтарда сағат 17:25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған баланың бассейнде батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға Тұран ауданының 8 шағынауданында, Үркімбаев көшесінде «KASIET» фитнес-клубында болған. Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м. ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.