Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 миллиард теңге қарастырылған

77
фото Ашық дереккөз

Биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы биыл көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Облыстық әкімдіктердің мәліметінше, биылғы болжамды егіс алқаптарының көлемі былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 миллион гектардан астам жерді құрайды.Сондай-ақ, көктемгі егіс науқанын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді.

Жалпы алғанда бұл науқанға 141,7 мың трактор, 4,3 мың дана өнімділігі жоғары егіс кешені, 73,2 мың тұқым сепкіш және 221,2 мың дана топырақ өңдейтін құрал-сайман жұмылдырылады деп жоспарланып отыр.