Тұран ауданына 21 елді мекен енді

229

Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың.

Ауданға 21 елдімекен мен тұрғын алабы және орталық аумақтар кіреді.
Атап айтқанда, олар:
Арғымақ ш/а, Ақжар ш/а, Айкөл ш/а, Ақтас ш/а, Ақтас-2 ш/а, Агропром ш/а, Жаңаталап ш/а, Қорғасын-1 ш/а, Қазығұрт ш/а, Құрсай ш/а, К.Маркс ш/а, Наурыз ш/а, Отырар ш/а, Спорт ш/а, Самал-1 ш/а, Кіші Самал ш/а, Түркістан ш/а, 112 орам, №3, №4, №8 шағын аудандары мен орталық аумақтар.
533 даңғыл мен көше болса, тұрғын үйлер саны – 39 357. Соның ішінде көп қабатты үйлер 526, ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ бар.
Жалпы Тұран ауданы 9 секторға бөлінген.
Жаңа аудан әкімдігінің мекен жайы: Байтулы баба, 12А.