Түркияның Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 5 млрд. долларға жуықтады

0
Жылдың үздік кәсіпкерлері

 Қазақстан мен Түркия арасында барлық деңгейдегі қарым-қатынас жыл өткен сайын жанданып келеді. Бүгінге дейін Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясының көлемі 5 млрд долларға жуықтаған.

Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Бауырлас елдер арасындағы барыс-келіс пен алыс-берісті арттыруда Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығының да үлесі зор. Қазақстандық дипломаттардың атсалысуымен 2021 жылы Түркия инвесторлары Қазақстан экономикасына 680 млн доллар қаржы құйған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұдан бөлек жалпы құны 2,5 млрд долларға жететін 25 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Елімізде бүгінгі таңда 4 мыңдай түрік компаниясы жұмыс істеп тұр. Ал 30 жыл ішінде түрік капиталының қатысуымен 61 ірі жоба жүзеге асқан.