Түркістанда инвестициялық штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда бірнеше жоба талқыланып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша тапсырмалар берілді.
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдарын құру ұсынылды. Жиында сонымен қатар алдағы уақытта облыста атқарылатын жұмыс барысын талқылады.
Мәселен 2024 жылы Отырар ауданында күн энергиясы станцисы ашылады. Ал Төлебиде 6,5 млрд. теңгенің құс фабрикасы салынбақ. Онда жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығару жоспарда бар.