Түркістандық спортшылар республикалық додадан жүлдемен оралды

Түркістандық спортшылар республикалық жарыстан 1 алтын, 1 күміс жүлде және 1 қола иеленді.

Астанада жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылғы туған жас спортшылар арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

Тартысты додада Түркістан облысының спортшысы Ұлданай Абылхан 3000 метрге жүгіруден бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал 2000 және метр 800 метр қашықтықта бақ сынаған Аружан Алтыбай айтулы чемпионатта күміс және қола жүлденің иесі атанды.