«Түрмеден шығарып беремін». Еңбекші аудандық Полиция басқармасына арызданған тұрғынның айтуынша, танысы түрмеде жазасын өтеп жатқан 21 жастағы інісін «бостандыққа шығарып беремін» деп 1 850 000 теңгесін алып, ізін суытқан.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 34-те, жұмыссыз. Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады.
Заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.