Атырау облысында былтыр 29 млрд. теңгеден астам қаржы игерілмей қалды. Өңір бюджетіне өткен жылы 694 млрд. теңге түскен. Соның 95 пайызы орындалған.
Ал, республикалық бюджеттен берілген трансферттер мен кредиттің игерілмеген сомасы – 4 млрд-тан асты. Бұған құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жобаларына енгізілген түзетулер себеп болған. Әрі мердігерлердің жұмыс кестесінен қалыс қалғаны да мәселені күрделендіріп тұр.