Әл-Фараби ауданы аумағы Шымкент қаласының орталығында орналасқандықтан әкімдікпен атқарылып жатқан жұмыстар бірден көзге түседі.
![](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/02/snapshot20130219170718.jpg)
Темір жол вокзалы аймағы, Қырғы базар, Айна, Көктем, Евразия базарларының аумағы, Төлеби көшесі бойындағы бейберекетсіз сауда қатарларынан арыла алмаған аудан қоқысты шығару мәселесін бір шама жолға қойған сыңайлы.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «220 аула жанындағы қоқыс алаңдарынан тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Былтыр 7 -10 күндей жанар-жағармай болмай қалып, қоқыс мерзімінде шығарылмағаны рас. Кейін үкімет отын мәселесін шешіп, бұл күрделік шешімін тапты. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары «ЛТД Тұрмыс» ЖШС келісімшартқа отырып, аулалардан күнделікті қоқыс шығарылуда, ал жеке секторда аптасына бір рет. Ауданда 16 арнайы техника жұмыс істейді және 23 адам жұмылдырылған».
Аудандағы тағы бір өзекті мәселе, көше бойлап жайылған бейберекет сауда қатарлары. Төлеби көшесінің бойындағы заңсыз саудамен күрес нәтиже берер емес. Мұны аумақ басшысының өзі де мойындап отыр. Абаттандырылған базар аумағының алдын сауда қатарларына айналдырғандарға хаттама түзіліп, айыппұл да салынған. Бірақ нәтиже жоқтың қасы.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Аудан аумағында «Айна»,»Евразия», «Көктем», «Қырғы» базарлар бар. Төлеби көшесі бойындағы заңсыз ретсіз сауданы болдырмау мақсатында әкімдіктің мамандары полиция қызметкерлерімен бірге күнделікті рейдке шығады. Былтыр 900-ден астам хаттама түзіліп, айыппұлдар салынды. Бұл жұмыс жалғасуда».
Шаһарда пайда болған жаңа Тұран ауданына Әл Фараби ауданының бірқатар шағынаудандары өткен, керісінше Еңбекші ауданынан жаңа 101 аула енді Әл-Фараби аймағының құрамында.