Агроөнеркәсіп саласында 2030 жылға дейін 1700 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл республиканың экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға септігін тигізеді.
Ауыл шаруашылығын дамыту жайы қаралған кеңесте тұқым сатып алуды субсидиялау және суармалы жерлер аумағын 3 миллион гектарға, ал минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 40%-ға жеткізу туралы айтылды.