«AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

30

Шымкентте ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға «көмек» көрсетіп келген қаржы пирамидасы анықталды.

Әлеуметтік желілерде алдымен инвестор 5000 теңге салып, кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керектігі көрсетліген. Ал адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылып, сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен кезде салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.

Бүгінде «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Айта кетейік, қаржылық пирамида схемаларын құру — ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр. Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Азаматтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз».