Билеті жоқ оқушыларды автобустан түсіріп тастауға заңмен тыйым салынуы мүмкін

55

Өткен жылы оқушыны жол жүру құжатының болмауы себепті автобустан түсіріп тастауға қатысты ата-аналардың арыз-шағымы көбейген. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі заңға жаңа ережені қосуды жоспарлап отыр. Яғни, билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ.

Аталған шараға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл туралы министрліктің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған.