Былтыр Түркістан қаласында халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы құрылды.
Жоба аясында 2022 жылы 2 жарым мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 675-і – тұрақты жұмыс. Ал биыл 5 мыңға жуық бос орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар күнгей шаһарға 5 жылда тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өскен.
Мәселен өткен жылы көрсеткіш 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген.