Бизнес-идеяларын жүзеге асырғысы келетін қазақстандықтар 20 ақпаннан бастап қайтарымсыз грант алуға өтінім бере алады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді. Айтуынша, биыл бизнес ашуға немесе кеңейтуге 9 мың грант беріледі. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін грант алуға өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы қабылданады.