Ел аумағындағы су қоймалары жөндеуді қажет етеді

159
Көксарай су қоймасы

Заңсыз аң аулауға және орман ағашын кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

Ведомство басшысы Президентке су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Айтуынша, жуық арада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстары басталады. Сонымен бірге гидротехникалық нысандардың 471-і жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін барлық гидротехникалық құрылыстарды тексеруді аяқтау қажеттігін тапсырды.