Елде 9 млн. адам жұмыспен қамтылған

27
Ол - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылғаны белгілі болды. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,9 млн-ы  жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

4-тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.

Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.