Елімізде кәсіпкер әйелдердің саны артты

46
Кәсіпкерлік мектебі

Елімізде қыз-келіншектер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43%-ға жетті. Сондай-ақ кәсіпорындар мен түрлі мекемелердегі әйелдерге бөлінетін жұмыс орындарының саны да артқан. Бұл туралы Алматыда өткен «Women in Business» форумында айтылды.

100-ден астам кәсіпкер қатысқан шарада бизнес бастаудағы қолдаулар мен кедергілер талқыланды. Бүгінгі таңда «Almaty business club» оқыту платформасы жұмыс істеп тұр. Оның аясында 100 мың қыз-келіншек кәсіп ашудың қыр-сырын үйреніп жатыр.

Тиісінше, былтыр Алматыда 7 мыңға жуық әйел өз ісін бастаған. Олардың арасында әлеуметтік сала бойынша жалғыз басты, көпбалалы аналарға көмектесіп, бағыт-бағдар беретін шағын компания ашқандар бар.