Шымкентте еңбек жәрмеңкесі өтті. «Оңтүстік арнайы экономикалық аймағында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар акцияға қатысып және кәсіпорындардың жұмысмен танысуға мүмкіндік алды. Жәрмеңкеде ірі кәсіпорындар 400 бос жұмыс орнын ұсынды.
Шымкенттік ару Алина Давлетбай кескіндеме мамандығының 4 курс студенті. Ол қатарластарымен бірге бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Құрылыс компанияларының менеджерлерімен тілдескен ол оқу бітірген соң, ұайда және қалай жұмысқа орналаса алатыны жайлы ақпарат алды.
Алина Давлетбай, студент: «Мамандығым бойынша «Арт концент» және «Құралыс» деген компаниялармен сөйлестім. Маман қандай мамандықтар бар бағыт берді. Негізі жоғары оқу орнына түсемін деп ойлағанмын. Бірақ жұмыс істей берсем де болады екен. Бухгалтер, Сметчик, ПТО-ға сұранып көп дейді. Құрылыс өлмейтін мамандық қой»
Ал әйнек шығарумен айналысатын «Фирма Дана» ЖШС-інде қазір 15 бос жұмыс орны бар. Бұл жолы 10 адам фирманың жұмыс барысымен танысты. Кеңес берші мамандар келушілерге зауыттағы жұмыс кестесінің қолайлылығы ыңғайлы болғанын айтты.
Әлия Айтөриева, «Фирма Дана» ЖШС-нің мамандар бөлімінің менеджері: «15 ваканция ұсынып жатырмыз. Бізге ер адамдар қажет. Оңтүстік индустриялық аймағында орналасқан. Барлық әлеуметтік пакет қарастырылған. Негізгі айлық 70 мың, қосымша бонустармен 150-160 мың көлемінде айлық алады. Жұмысқа алып келу, жеткізіп салу, тамақпен компания өзі қамтамасыз етеді»
Еңбек жәрмеңкесіне 25 ірі кәсіпорын қатысты. Олар 400-ге жуық бос орнын ұсынып отыр. Оның ішінде тоқымашы, тігінші, оператор, жүк тасушы, дизайнер сынды маман иелеріне сұраныс жоғары.
Әсет Шағдат, Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы
«жәрмеңкенің мақсаты қала басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы жұмыссыздар тұрғындардың санын азайту бойынша ірі кәсіпорындардан жұмыс табуға көмектесу. «Алем БТ” компаниясында өткізіп отырмыз. Мұнда Назар текстил, бал текстиль сынды ірі кәсіпкерлер қатысып жатыр»
Іс-шараға 500-ге тарта жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғын мен бітіруші түлек келген. Басты мақсаты жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, әрі сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру болмақ.