Шымкентте 13-26 ақпан аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылданады. Пәтерлер Ұ. Арғынбеков көшесіндегі 9 қабатты №1,№2,№3, №4 тұрғын үйлерде орналасқан.
Айта кетейік, конкурсқа тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтармен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасының санатына жататын ерекше балаларды тәрбиелеуші, көп балалы және толық емес отбасылардың мүшелері өтінім бере алады. Өтінім Otbasybank.kz. сайты арқылы қабылданады.
Банктің интернет-ресурсынан немесе baspana market арқылы құрылыс нысанының сипаттамасын, ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін көріп, тиісті талаптермен танысуға мүмкіндік қарастырылған. Қосымша сұрақтар бойынша Банктің байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы хабарласуға болады.