Кентау қаласыңдағы «Аңсай» кен орнында барит өндіретін зауыт салынбақ. Ол үшін инвесторлар 12 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
Кәсіпкерлер мұнай-газ, химия, лак-бояу, шыны, құрылыс және басқа да салаларға арналған жоғары сапалы барит концентратын өндіруді қолға алмақ. Жаңа кәсіпорында жылына 250 мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген.
Өндіріс орнында 350-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта инфрақұрылым жүйелері бір қалыпқа келсе жаңа зауыт 2024 жылы іске қосылады.
Дәурен Ысмағұлов, “GRK Metallinvest” ЖШС-нің бас директоры: «Кен орнына барлау барысында бариттің 6 млн. қоры бары анықталды. Кенді ашық түрде қазып аламыз. Қазір кен өндіру орнын батыс және солтүстік бөлік деп екіге бөлдік. Негізгі қазба жұмыстары солтүстік бөлікте жүретін болады. Қазір руданы тасымалдау құралдары қарастырылып жатыр».