Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
Бұған дейін қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске берілді. Құтқарушылар өзімен бірге біраз құрал-жабдықты алып барды.
Айта кетері, арнайы ұшақ бүгін Астанаға қайтып шығады. Онымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарын жіберуге шешім қабылданды.