Қаржы пирамидасы ұйымдастырушысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

50

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Анықталғандай, алаяқ оңтүстік өңірлердің тұрғындарын тұрғын үй немесе автокөлік алуға көмектесемін деп, олармен келісімшарт бекіткен.
Міндетті шарт – 240 мың теңге кіру жарнасы және бастапқы соманы жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге төлем төлеу болған.
Алайда пирамидаға ақша салған азаматтар баспана мен көлігін сол күйі ала алмаған. Шымкент қаласының департаментіне 33 азамат шағымданды. Шығын мөлшері 77 миллион теңгеден асқан.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.