Қазақстан алмасын Өзбекстанға экспорттауда қандай кедергілер бар?

30
Алма бағы

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан алмасын Өзбекстанға экспорттауда қандай кедергілер бар екенін айтты.

«Алма өндірісінің жоспарланған өсуі мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, алма өндірісін дамыту үшін Орта Азия елдеріне, атап айтқанда Өзбекстан нарығына экспорттық әлеуетті ашу өте маңызды. Себебі, ел алманы қажетті көлемде өндірмейді. Алайда, логистикалық маршруттарды құру кезінде отандық бизнес мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бірқатар проблемаға тап болды. Біріншіден, Өзбекстан шекарасы арқылы экспорттық-импорттық операциялар кезінде тең емес жағдайлар жасалған. Жергілікті экспорттаушылар негізсіз қағазбастылыққа тап болады. Бұл келісімшарттар бойынша жөнелтуді қиындатады. Ал өзбек экспорттаушылары біздің нарыққа тауарларды кедергісіз жеткізеді. Өзбекстан карантиндік қызметінің ережелеріне сәйкес, Өзбекстан шекарасы арқылы барлық өсімдік шаруашылығы өнімдерін кесіп өту үшін 20-дан астам құжат қажет, ал Өзбекстан өнімдерін отандық нарықтарға экспорттау үшін тек 2 құжат қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында.

Жүк көліктері. Жеміс-жидек керуені

Оның атап өтуінше, Өзбекстанға алма экспорты үшін тағы бір маңызды мәселе – Өзбекстанның өздері белгілейтін импорттық өнімдерге қатысты кедендік баждарды, ҚҚС және тағы басқаларын алу саясаты. Мәселен, барлық импортталатын алма бойынша шыққан еліне қарамастан, алманың бір келісіне кедендік баға 1 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді. Ал алма Қытайдан, Еуропадан, АҚШ пен Қазақстаннан импортталады. Өзбекстан шекарасындағы барлық алмалардың бағасы олардың еліне 1 АҚШ долларынан бастап экспортталады және осы бағадан олардың баждары алынады.

«Өзбекстанның мұндай саясаты ішкі нарықтағы қазақстандық алманың бағасын келісіне шамамен 500 теңгеге дейін арттырады және біздің алманы алыс шетелден алмаға теңестіреді, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Алайда, логистикалық бағыттарды ескере отырып, отандық бизнестің алманы 250-350 теңге шамасында жеткізуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты, екі ел арасындағы екіжақты қатынастар мен өзара сауданы дамыту мақсатында өзбек тарапының біздің тауарларға қойылатын талаптарын қайта қарау мәселелері пысықталуда. Басқаша айтқанда, Өзбекстан шекарасы арқылы экспорттық-импорттық операциялар үшін жағдайларды теңестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді министр.