Түркияның жер сілкінісі болған аймақтарында киіз үй қалашықтары бой көтереді. Әріптесіміз журналист Нұрбек Бекбау бауырлас мемлекетке киіз үй жіберуді ұсынып, ақша жинауды бастаған еді. Екі күннің ішінде 20 миллионға жуық қаржы жиналған.
Қаражатқа 45 киіз үй сатып алынды. Қарапайым адамдар тағы 15-16 киіз үй, ал кәсіпкерлер 30 киіз үй сатып алып, үлесін қосуда. 100 жуық киіз үй қирап қалған қалалардың жанынан тұрғызылады. Бұл қазақстандықтардың бауырлас Түрік халқына көрсеткен қолдауы.