Қазақстанда жасалған тауарлар Африка елдеріне саудалануы әбден мүмкін

23

Қазақстанда жасалған тауарлардың Африка елдеріне дейін оңай жетуіне ықпал ету. Бұл мақсатта жасалған алғашқы қадамдар баршылық. Соның бірі- Еуразиялық экономикалық одақ БРИКС ұйымымен байланыс орнатпақ. Бұл туралы Еуразиялық Экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович айтты.

Оның сөзінше, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымымен бірлесе атқаратын жобалар жөнінде келісім жасалған. Ұйымға мүше елдермен транзиттік байланыс орнату да маңызды.

Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы: «Әзірге БРИКС-пен байланысымыз айтарлықтай мықты емес. Дегенмен, Оңтүстік Африка республикасы тарапынан оң бастамаларды көріп отырмыз. Бүгінде ШЫҰ- мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсаты тұр. Өйткені, ұйымдарға мүше мемлекеттер арасында арақашықтық өте үлкен. Оны шешу үшін кедендік транзит жөнінде нормативтік құжат әзірленіп жатыр».