Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгереді

23

Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгереді. Жедел жәрдем бригадасына алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіби дайындық курсынан өткен қызметкер қосылды. Ол науқастарға қосымша көмек көрсете алады.

100 мыңнан астам тұрғыны бар моноқалаларда әкімдіктердің шешімі бойынша дербес жедел жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Бұл ретте қарқынды терапия дәрігерлер бригадаларының саны бригадалардың жалпы санының кемінде 25%-ін құрауы керек.

Айта кетейік, қазір елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18%-і арнайы бригадалар. Сондай-ақ жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелердегі деректерді қарауға рұқсат беріледі.