Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті.Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі орындарын жақсартты.
Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Зацепин 209-сатыда келеді.
Жуырда Қарағандыда өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-тен бірден 269-ға көтерілді. Сондай-ақ Ілияс Маратұлы 308-інші (+55), Ерасыл Бақтияр 875-інші (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасты.
Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда келеді.