Еліміздегі ірі мұнай компанияларын малдың етін шет елден емес, отандық шаруалардан сатып алуға міндеттеу керек. Бұл мәселені Ақтөбе облысының фермерлері көтеріп отыр.
Сондай-ақ, олар аймақтағы әуежайларда жүк тасымалдайтын ұшақтарға жол ашып берсе,- дейді. Себебі, қазақ жерінде өскен қой етіне араб елдерінен сұраныс көп.