Шаруаларға бөлінетін дизель отыны енді электронды жүйемен үлестіріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаны әзірлеп, жобаны көптің талқылауына салып отыр. Бұл жаңашылдық gosargo.kz сайтына жарияланған.
Онда егістікке берілетін жанар-жағармайға өтініш қабылдаудың барлық тетіктері ашық көрсетілген. Жалпы биыл 23 миллион гектардай жерге егін егу жоспарланған. Көктемгі дала жұмыстарына 400 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Жоба әлі де пысықталып, толық сүзгіден өткен соң іске қосылмақ.