Қазіргі уақытта №35 бағыттағы қоғамдық көліктерге аялдама атауларын электронды түрде хабарлау жүйесі енгізілді. Келесі кезекте дыбыстық жүйені №74, №12, №84 және №27 бағыттардағы автобустарға орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жуырда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары қаладағы 700 аялдаманың атауларын жүйелендіру мақсатында талдау жұмыстарын жүргізген. Қазақ тіліндегі атаулардың арнайы кітапшалары жүргізушілер мен кондукторларға таратылды. Тасымалдаушы компаниялардан қаладағы аялдама атауларын қазақша хабарлау талап етіліп отыр.
Айта кетейік, күн сайын мегаполисте 900-ге жуық автобус 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Қазір 10 көлік компаниясы қызмет көрсетуде.