Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Медина-Шымкент рейсімен келген. Тексеру барысында оның қолынан діни мазмұндағы 24 кітап табылды.
Шымкент стансасында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 1 бөлігі 3 тармағы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу» бойынша материал сотқа қарау үшін жолданды.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.