Шымкентте 2025 жылға дейін 25 мектеп салынады

50

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес отырысы өтті.

“Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетовтің қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау мен құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды.

Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы мен оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Айта кетейік, жоба аясында Шымкентте 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі деп жоспарланып отыр.