Шымкентте шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша 6531 азамат жүгінді. Оның 2819-ы заңдастырылып үлгерді. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді.
Оның ішінде 2350-Ресей Федерациясының көлігі болса, 367-Армения, 55-Грузия, 1-Белорусия, 5- Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 39-Қырғызстан, 2-Литва елдеріне тиесілі.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.