Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 20,0 млн.теңгеден астам қаражатына бюджеттік міндетті төлемдерді төлемеуіне байланысты банктік шоттарына мәжбүрлеу шаралары қолданылған кәсіпкер жүгінді.
Арызға сәйкес аталған қаражат тек 1 мәміле бойынша өткен және ол мәміле екі жақпен бұзылғанына орай қайтырылуға жататын.
Департаментпен мемлекеттік кірістер органдарына Салық заңнамасының талаптарын түсіндіре отырып хат жолданды. Бұл ретте кәсіпкер бұған дейін Мемлекеттік кірістер департаментінің әрекеттеріне сотқа шағымданғаны ескерілді.
Нәтижесінде, заңнама талабы бойынша шағымдану кезеңінде салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұруы жүзеге асырылмауына байланысты, тыйым шешілді.