Шымкентте мақта өңдейтін цехта өрт шықты

77

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Еңбекші ауданы, Клара Цеткин көшесіндегі шеберханада болған.

Цех ішінде 40 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт 9 минутта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 4 бірлік өрт техникасы, жеке құрамның 20 адамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.

Жыл басынан бері бұл қайта өңдеу нысандарындағы 2-ші өрт оқиғасы. Өрттің шығуына көбінесе қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп дейді өрт сөндірушілер.