Шымкентте жыл басынан бері 3 рет жер сілкінді

86

Құтқарушылар шымкенттерді уайымға салынбауға шақырады. Бүгін қалада тағы да 2-3 баллдық дүмпу тіркелді. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері мегаполисте орын алған үшінші жер сілкінісі.

Бүгін таңертең шымкенттіктер жер сілкінісін сезінді. Құтқарушылар дүмпудің магнитудасы 2-3 балл болғанын айтады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жеті жүз шақырымдай жерде Тәжікстан аумағында болды. Бұл еліміздің оңтүстік астанасында да сезілді.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз жетекшісі:
«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар да түспеген. Сейсмология институтының мәліметінше, облыста жер сілкінісі тіркелмеген».

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл жыл басынан бері Шымкентте тіркелген үшінші жер сілкінісі болып отыр.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз жетекшісі:
«Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Тек ақпан айында бізде екінші жер сілкінісі болды, қаңтарда бір болды, жыл басынан бері үш жер сілкінісі болды».

Ал Тәжікстандағы жер сілкінісінің күші жеті баллға жетті. Әлеуметтік желіде зілзаланың видеосы пайда болды. Twitter қолданушылары бейнебақылау камераларынан түсірілген кадрларды жариялады.

Тәжікстандағы дәл осы жағдайдандан бір жарым сағат өткен соң Қазақстан аумағында да, яғни Алматы мен Шымкентте жер думпуі сезілді. Оның ошағы Жетісу өңірі, Алакөл көлінен алыс емес жерде болды. Магнитудасы 4 балл болды.

Көрші Өзбекстанда да 23 ақпанда 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ.