Бүгін Шымкенттік 5 дәрігер жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Олардың арасында терапевт, нейрохирург, реанимотолог мамандары бар.
2023 жылдың 6 ақпанынан бастап Түркия бірқатар күшті және жойқын жер сілкіністерін бастан өткерді. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.