Шымкентте алдағы уақытта күн жылынып, жауын-шашын күтілуде. Салдарынан қалада су тасқыны жүруі мүмкін.
Сондықтан мегаполис аумағында арықтарды тазалау жұмысы басталды. Сонымен қатар, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов төтенше жағдай департаментінің арнайы техникаларын қарап, дайындығын пысықтады.
Әрі тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыруға тапсырма берілді. Қазір бөгет тұрғызу үшін құмды қаптар дайындалып жатыр.