Тұрғын үй өртке оранды

122

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, І.Жансүгіров көшесінде 18 ақпанда сағат 09:45-те жалпы көлемі 600 ш.м. құрайтын 6-үйлі барак типті бір шатыр астында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, қасында тұрған екі үйге өткен. Өртке оранған үйлердің көлемі 150 ш.м. қамыс төбе жаппасы және шатыры жанды.

Өрт сағат 11:11-де оқшауланып, сағат 11:42-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 21 қызметкер мен 5 дана техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.