Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асқан

47

Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асқан. Түркияда 31 мыңнан астам, ал Сирияда 5700 адам қаза тапты. Апат болған аймақтарда азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, көтергіш крандар тапшы.

Он қаладағы 42 мыңдай ғимарат толықтай қираған, қатты зақымданған немесе бұзуды қажет етеді. «Рейтердің» дерегіне сай, Түркияға зілзадан 84 млрд доллар шығын келген. Елде қуаты 7,8 балдық жер сілкінісі ақпанның 6-да болды. Сол күні тағы бір қуатты зілзала мен ондаған дүмпу болған.

Бұдан кейін ережеге бағынбаған сапасыз құрылыс мәселесі қайта көтерілді. Ал жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттарды салған компаниялардың 12 өкілі ұсталып, тағы 131 адам тергеліп жатыр.