Түркістан облысында волейболдан чемпионат өтті

101

Түркістан облысы Шардара қаласында волейболдан жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа жалпы 9 команда, 120 спортшы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті Отырар ауданының құрамасы түйіндесе, күміс жүлдені Шардара арулары қанжығалады. Ал Түркістан қаласының командасы жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.

Жеңімпаздары арнайы медальдар және грамоталар тапсырылды. Енді шеберліктерімен көзге түскен арулар облыс құрамасына шақырту алып, көктемгі ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.