Облысты дамытуда үшін аудандағы проблемаларды шешу маңызды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы мақсатта өңірдегі аудандарды аралап, тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр. Сондай-ақ облыс басшысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабыладуында болып өңірді әрі қарай дамыту бойынша тапсырма алды.
«Мақсатымыз – Президентіміз ұсынған «Әділетті қоғам» идеясы жолында шынайы еңбек ету». Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасм-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын айтты. Кездесуде күнгей өңірді кеңінен дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар да алған.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Алдыңғы аптада ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болдым. Мемлекет басшысы облысты әрі қарай дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі кездесуде проблемалар ашық айтылып, әділетті түрде шешу жолдарын қарастырамыз. Мақсатымыз – Президентіміз ұсынған «Әділетті қоғам» идеясы жолында шынайы еңбек ету. Түркістан облысын дамытуда сіздердің еңбектеріңіз мол. Ауданды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз».
Өңір басшысы алдағы уақытта Ел Президентінің тапсырмасы бойынша аудандарды дамытуға көп көңіл бөлеміз дейді. Былтырдың өзінде Созақ ауданында өнеркәсіп өнім көлемі 519 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артқан. Инвестиция көлемі 61,2 млрд. теңгені құрады. Ал алдағы екі жылда 475 млн. теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып оытр. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 19,7 млрд. теңгеге жетті.
Сонымен қатар, Созақ ауданындағы елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу үшін бюджеттен былтыр 442 млн. теңге бөлініп, 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Осы жылы мемлекет қазынасынан 27 шақырымды құрайтын 24 көшенің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Сонымен қатар биыл ауданда облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолы жөндеуден өтеді. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.