Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар нысандар бойынша мердігерлер мен инвесторларды қабылдады. Кездесуде «BI Group» холдингінің өкілдері колледждің студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхананың жобасын таныстырды.
Инвестор жатақхананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салуды ұсынып отыр. Жатақханада асхана, жаттығу залы, демалыс бөлмесі және жатын бөлмелері болады. Замануаи құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ студенттердің жан-жақты дамуына толық жағдай жасалады. Аталған жоба толық зерделеніп, алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады.