Түркістандық кәсіпкерлерге 6 млрд. теңгеге жуық несие заңсыз берілген

56

Түркістанда кәсіпкерлер 5,7 млрд. теңге көлемінде несиені заңсыз алып келген. Бұл қаржы әлеуметтік кәсіпкерлер коорпарациясы тарапынан инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында берілген.

Заңсыздықты анықтаған прокурорлар бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне ұсыныс түсірді. Тексере келе мамандар жылдық сыйақы 0,001 пайыздан 14 процентке дейін қарыз беру коорпарацияның міндетіне кірмейтінін растады. Алайда коорпацияның басшылығы бұл айыптаумен келіспей, сотқа шағымданған.

Бексұлтан Ерімбетұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы: «Инвестициялаық жобаларға белгіленген несиелер бөлігін заңсыз деп тапты. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен келіспей, қазіргі таңда Түркістан облысының сотына аппеляциялық шағым келтіріліп, қазіргі таңда сотта қаралуда».