Туысының банктік кәртішкесінен ақша жымқырған келіншек анықталды

56

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адам өз арызында, банктік кәртішкесі жоғалып, оның ішінен 70 000 теңгесін белгісіз біреу жасырын шешіп алғанын көрсеткен.

Тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған жәбірленушінің 30 жастағы келіні болып шықты. Ол банктік кәртішкенің құпия кодын білгендіктен, оны егесінен ұрлап алып, барлық қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.
Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.