Жайылым жерге деген қажеттілікті артық көрсеткен

81

Түркістан облысында ауыл әкімдері мал санын бұрмалап, жайылым жерге деген қажеттілікті артық көрсеткен. Мәселен, Ақдала ауылдық округінің әкімі жайлымға мұқтаж ауыл малына өрісі бар шалғайдағы шаруашылықтардың да төрт түлігін қосып көрсеткен.

Осылайша тиісті нормативтен артық жайылым қажет деп жалған ақпарат берген. Жергілікті жерлерде жауаптылар жайылымдарды қайтару бойынша ақпараттық технологияларды қолданбаған. Жерді мақсатсыз пайдаланып отырғандардан мәжбүрлеп алып қою және әкімшілік жауапқа тарту процедурасы мүлде жүзеге аспаған.