Жалған нөмір таққаны үшін қамауға алынды

39
фото Информ

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тағып көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Мақтаарал аудандық соты хабарлады.

Сотта ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен азамат Ш.Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Ш.Е. 2023 жылғы 03 ақпан күні сағат 16.30 шамасында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесінің бойында, көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі 077QQO16 орнатылған „Daewoo-Nexia“ маркалы автокөлігін басқарған.
​Ш.Е. сот отырысында өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және қайталамайтынын көрсеткен.
Сотта азамат Ш.Е. кінәсі жоғарыда баяндалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған өз түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы түзілген хаттамамен және өзге де құжаттармен толық дәлелденген.
Сотпен Ш.Е. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.