Жыл басынан бері “Bala Qorgau” жобасына 70-тен аса өтініш түскен. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олар ата-ана мен достары арасындағы қарым-қатынас және бала махаббат мәселесі бойынша хабарласқан.
Жалпы бұл зорлық-зомбылыққа не күйзеліске ұшыраған, қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек беретін жоба.
Оқушылар «Bala Qorgau» тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.