Елімізде 2022 жылы зейнетақы көлемі 11 пайызға артты. Ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 27 пайызға жеткізу жоспарланған. Осылайша қарттар арасындағы кедейлік деңгейін төмендету көзделген.
2022 жылы зейнетақы 11 пайызға көбейді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Мамандардың айтуынша елімізде орын алған қаңтар оқиғасы мен инфляцияға байланысты зейнатақы мен жәрдемақы соммасы өзгерген.
Бахтияр Өнербаев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықтың әл-аухатын көтеру мәселесімен былдыр осы зейнетақыны 2 рет көтерді. Ол инфляцияның көтерілуіне байланысты. 2022 жылы 11 пайызға көбейді. Қаңтарда 7 пайыз болса, сәуірде 4 пайызға көбейді. Базалық зейнетақы 2021 жылы 19 450 те болса, былтыр 20 191 теңге болды»
Қарттар арасындағы кедейліктің алдын алу мақсатында 2025 жылға дейін зейнетақы мөлшері 27 пайызға артпақ. Ол орта есеппен 109 мың мен 138 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар қағазбастылықтан арылу үшін қызметтер цифрлы жүйеде жүргізіледі.
Ержан Ергеш, ҚР ЕӘҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары: «Базалық зейнетақыны ЭЦҚ кілті арқылы алуға болады. Бірақ ырықты деген зейнетақы төлемі бар. Осы екеуін төлейміз біз. Оған тікелей халыққа қызмет көрсету орталығына барып, құжаттарын өткізіп барып алуға мүмкіндігі бар»
Айта кетейік, 2023 жылдан бастап әйелдер зейнет демалысына 61 жастан бастап шығады. Бұл шешім 5 жылға жарамды. Осы аралықта денсаулық сақтау жүйесін жақсартып, азаматшалардың денсаулығын қалпына келтіру шаралары жүргізілетін болады