Арман Оразбаев: «Ел үшін адал еңбек ету — азаматтық парызым»

189

Елге адал қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен Арман Оразбаев нақты 9 бағытта жұмыс істеп, халықтың жағдайын жақсартуды көздейді. Оның басты мақсаты – мегаполис тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту. Арман Ожанұлы №11 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына өзін өзі ұсынған үміткер.

Шымкент қалалық №11 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына үміткер Арман Оразбаев ел үшін маңызды науқанда 4 шағынауданның атынан бақ сынап жатыр. «Елге қызмет – ерге міндет» ұранын өмірлік ұстаным еткен кандидаттың сайлау алды бағдарламасы өңірді дамытудың нақты тетігі болып саналатын 9 бағыттан тұрады.

Бағдарлама аясында, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандар салу, мектептер мен балабақшадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу көзделген.

Арман Оразбаев, Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер: «Мақсатым — билік пен халық арасында көпір болу, елдің мұң-мұқтажын биліке жеткізу, жастарға жұмыс орнын ашу, инфрақұрылымды туралау, халықты хал-ахуалын көтеру. Бізге түбегейлі өзгеріс керек».

Бүгінде «Saiman group» басқарушы компаниясының басшысы қызметін атқаратын Арман Оразбаев үшінші мегаполистің гүлденуіне айырықша атсалысып, қаланың сән- сәулетін арттыруға жоғары үлес қосып жүрген азамат. Ол халықтың әлеуметтік жағайын жақсартуды қамтамасыз ету – ел алдындағы басты міндетім деп есептейді.

Нұрлан Есенқұлов, Шымкент қаласы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының бөлім меңгерушісі: «Осы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының құрылысының басы-қасында жүрген. Осы аумақтағы көптеген нысандарды, саябақтардың толықтай ойдағыдай жүзеге асуына бірден-бір атсалысқан азамат. Сондықтан мен айта аламын, осындай жігіттерді қолдау керек».

Кандидат қажырлы еңбек пен білікті басқарудың нәтижесінде оңтүстік өңірде көптеген жұмыс орнының ашылуына, бірнеше кәсіптің дөңгеленуіне сеп болды. Бүгінде Арман Ожанұлы басшылық ететін «Saiman group» компаниялар тобы үйсіз қалған отбасыларға 8 баспана салып беріп, тағы бірқатар әлеуметтік жағдайы әлжуаз шаңырақты қамқорлығына алған. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды парыз еткен азамат енді бұқара мен билік арасындағы алтын көпірге айналуды көздейді.

№11 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер А. Оразбаевтың жеке қорының қаражатынан төленді